«Дала дауысы»: «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы»: «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды

05.09.2014
«Дала дауысы»: «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша финалға жолдама алған үміткерлер анықталды

Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің «Эстрадалық ән» номинациясы бойынша алғашқы айналымға қатысқан үміткерлерге дауыс беру аяқталды.

Додада топ жарған 11 өнерпаз финалға жолдама алды. Олар: Әли Оқапов («Биле» әнімен), Алтынай Жорабаева («Перзент парызы» әнімен), «Меломен» тобы («Есімдесің» әнімен), Маржан Арапбаева («Арманыма асығамын» әнімен), Құрмаш Махан («Кірсіксіз мұң» әнімен), Жанғали Әбішев («Дидарыңды сағындым» әнімен), Әсел Мәдекешова («Мәңгілік ел»), «Заман» тобы («Қарақат көзің» әнімен), Марат Имашев («Асыл жарым» әнімен), Әлішер Кәрімов («Жанарым» әнімен), Қайрат Баекенов және «Формат» тобы («Махаббат әнімен).

Айта кетейік, радиофестивальге жасы 45-тен аспаған Қазақстан және шет ел орындаушылары қатыса алады. Үміткерлерге daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс бере аласыздар.

Хабарламаларға жазылу