Әбдісалан Нұрмаханов – қазақ боксының қара нары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдісалан Нұрмаханов – қазақ боксының қара нары

05.09.2014
Әбдісалан Нұрмаханов – қазақ боксының қара нары

Әбдісалан Нұрмаханов – қазақ боксының алғашқы қарлығаштарының бірі. Бокстан Қазақстанның 10 дүркін чемпионы. КСРО чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Қазақтан шыққан аса ауыр салмақтағы тұңғыш боксшы.

Қазақ боксының атасы – Шоқыр Бөлтекұлы дегенімізбен, оның ізбасарлары жоқ емес еді. Олар шаршы алаңмен шектелген жоқ, шәкірт те тәрбиелей білді.

Әбдісалан Нұрмахановтың тамаша жеңістері өткен ғасырдың еншісінде қалса да, жанкүйер қауым оны ұлттың батыры деп әспеттейді. Ол бірден бокс қолғабын киген жоқ. Алғашында Октябрь Жарылқапов оны волейболға шақырыпты.

«Сосын Октябрь ағам келіп, «әй, болмадың ғой сен. Жүрегің бокс деп тұр. Сенен бәрібір волейболшы шықпайды», деп мені боксқа өзі ертіп апарған», дейді спортшы бір сұхбатында.

Қазақ боксының қара нары боксты спорт деп қана білген жоқ, оны ғылымға айналдырды. Бапкерлік жолындағы қадамы да сәтті болды. Шәкірттері рингтің шаңын қағып, Олимпиадада атой салды.

«Нұрмахановтың ең үлкен еңбегі – бұл кісі спортта ғалым болды. Спортшының ағзасына байланысты кандидаттық диссертация қорғады. Спортшы күшін қалай қалпына келтіруге болады, таудың белгілі бір биіктіктерінде спортшы қалай жаттығуы керек, деген сияқты сұрақтарға жауап беретін үлкен ғылыми еңбек жазды», дейді спорт журналисі Қыдырбек Рысбекұлы.

Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

Хабарламаларға жазылу