«Күйеуіме сенбеймін...» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Күйеуіме сенбеймін...»

04.09.2014
«Күйеуіме сенбеймін...»

Отбасы жауапкершілігі, жұптық жарасым – бұлар шаңырақтың алтын діңгектері. Ер пен әйел бас қосып, шаңырақ құрған соң,  үйдегі адамдардың өзіндік орны мен атқаратын қызметі, отбасы үшін жауапкершілігі болады.

Отбасы жауапкершілігі үйленген ер мен әйелдің бірінің алдындағы бірінің парызы мен қарызын бұлжытпай орындаудан басталады. Егер ол орындалмайтын немесе бұзылатын болса, отбасының берекесі кетері хақ. Ал мұны болдырмаудың сара жолы – жұптық жарасым, өзара түсіністік пен сыйластық.

Бүгінгі қоғамда отбасылық құндылық ұғымы сақталып келе ме? Отбасының шырқын бұзуға дайын тұратын қыздардың тәрбиесін қалай тыюға болады? Бүгін 15.05-те «Әйел бақытында» күйеуіне сенбейтін Шымкент қаласының тұрғыны қонақта.

Хабарламаларға жазылу