3 қыркүйек күні Астанада Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерді көмескі сәулемен жарықтандыратын сәулеттік жүйе, сондай-ақ, «Астана-Бәйтерек» монументін жарықтандырудың жаңартылған жүйесі таныстырылды.
«Жақында Астана негізгі тақырыбы келешек қуатына арналған EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізетін болады. Осы іс-шараның қарсаңында қала іс жүзінде заманауи технологиялардың кереметтілігін көрсете отырып, ажарлана түспек.
Philips-тің заманауи жарықдиодты жабдықтарының арқасында елорданың көпірлері мен «Астана-Бәйтерек» монументі секілді нышандары түнгі уақытта жаңа түске еніп қана қоймай, сонымен бірге, қазірдің өзінде қуат тиімділігі жоғары келешек технологияларының нағыз үлгісіне айналып үлгерді», деп атап өтті Philips-тің Ресей және ТМД-дағы бас директоры Питер Вуллингс баспасөз конференциясы барысында.
Жобаға тапсырыс беруші - Астана қаласының әкімдігі. Жобаны жүзеге асыру үшін «PhilipsColorKinetics» жабдығында жұмыс жасайтын жарықдиодты динамикалық жарықтандырудың заманауи жүйелері қолданылды.
Бұл жабдық жарықтандырудың жоғары сапасын қамтамасыз етіп, сондай-ақ, кешкі және түнгі мезгілде нысандардың сәулеттік бейнесін ұтымды түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, компанияның жүзеге асырған жобалары ішінде Санкт-Петербургтегі Мемлекеттік Эрмитаж, Лондондағы «LondonEye» айналмалы шолу дөңгелегі, Афинадағы Акрополь, Париждегі Эйфель мұнарасы және тағы да басқа әлемнің көрікті орындары бар. Енді бұлардың қатарын «Астана-Бәйтерек» монументі мен Есіл өзені арқылы өтетін көпірлер толықтырмақ.