Орман алқабындағы заңсыздықтар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орман алқабындағы заңсыздықтар

03.09.2014
Орман алқабындағы заңсыздықтар

Сексеуiл – діңі  мен  бұтақтары бұраң-бұраң болып келетін, құмды жерлерде өсетін, шөлге төзімді, морт  сынатын  жапырақсыз  қатты ағаш тұқымдас өсiмдiк.

Сексеуiлдер қоршаған ортаның тепе-теңдiгiн сақтап тұруда ерекше рөл атқарады. Дүлей соққан желден құм көшiн тоқтатады.

Ағаштың  отқа жанғыштығы және шоғының қызуын бойында ұзақ уақыт сақтағыш қасиетi көмiрден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес. Өткен ғасырларда адамдар оны жағып, қоламтасын көмiр ретiнде сатқанын тарихи, әдеби шығармалардан жақсы бiлемiз.

Бүгінде сексеуіл ағашының осы қасиетін білетіндер жеке бас пайдасын көздеп,  заңсыз әрекетке баруын тоқтатар емес.  

Ағашты заңсыз алуға тыйым салынғанын біле тұра, қылмысқа бармақ болған күдікті туралы бүгін 19.05-те «Қылмыс пен жаза» хабарынан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу