Мемлекет басшысы Үкіметке рұқсат құжаттарының санын қысқартуды тапсырды

02.09.2014
Мемлекет басшысы Үкіметке рұқсат құжаттарының санын қысқартуды тапсырды

2015 жылға дейін Үкімет рұқсат құжаттарының санын 50 пайызға қысқартуы тиіс. Мұндай тапсырманы Үкіметке бүгін Парламент палаталарының отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев жүктеді.

«2015 жылға дейін Үкімет рұқсат құжаттарының санын 50 пайызға қысқартуы тиіс. Бизнесті тексеруді азайту қажет»,- деді Мемлекет басшысы.

Оның сөзінше, заңды тұлғаларды тіркеуді азайту жолымен жүрген жөн. Сондай-ақ, жеке кәсіпкерлік субъектісін ликвидациялауды да азайту қажет.

«Басты  бағыттар бойынша инвестициялық келісімшартқа отырған инвесторлар үшін бұл принцип 1 қаңтардан бастап қолданысқа енуі тиіс»,-деп ескертті Президент.

Хабарламаларға жазылу