2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Астанада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Астанада өтеді

02.09.2014
2015 жылы дзюдодан Әлем чемпионаты Астанада өтеді

Қазақстан Республикасында алғаш рет дзюдодан Әлем чемпионаты өткізілмек. Әлем біріншілігін Астана қаласыдағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде ұйымдастыру жоспарланған. Спорт кешені еліміздегі заман талаптарына сай салынған спорт нысандарының бірі.

Республикалық велотрек - велошабандоз  шлемі түрінде салынған өзіндік спорт кешендерінің бірі ретінде мойындалған. «Сарыарқа» республикалық велотрегінің аумағы 58 мың шаршы метрді құрайды. Велотректе спорттың барлық түрі бойынша спорт залдары, фитнес орталықтары, бассейн, баскетбол алаңдары, мұз айдыны, мәжіліс залдары, мейрамхана және қонақүй кешендері орналасқан.

Велотректе 9200 отыратын орын бар. Азиададан кейін әртүрлі республикалық және әлемдік жарысты өткізу, сондай-ақ спорт жиындары үшін қолданылып келеді. Сонымен қатар, велотрек кешенінде концерттер, баспасөз конференцияларын, брифингтер өткізу үшін қолданады.

Естеріңізге сала кетейік, 25-31 тамыз аралығында ресейдің Челябинск қаласында өткен Әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліге алмады.

Хабарламаларға жазылу