«Астана-Минск» радиокөпірінде студент алмасу мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-Минск» радиокөпірінде студент алмасу мәселесі көтерілді

31.08.2014
«Астана-Минск» радиокөпірінде студент алмасу мәселесі көтерілді

28 тамызда интеграциялық процестер аясындағы білім беру мүмкіндіктерінің өзекті мәселелеріне арналған «Астана-Минск» радиокөпірі өтті.

Бағдарламаның жазбасы 1 қыркүйекте сағат 12:15-те Қазақ радиосының эфирінен берілмек.

Қазақстан  тарапынан радиокөпірге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Қазақстан-Беларусь ғылыми-техникалық орталығының директоры Қарлығаш Бөргекова, тарих ғылымдарының докторы,  профессор, «Тұран-Профи» халықаралық кәсіптік академиясы, «Біліктілікті арттыру институты» мекемесінің ректоры, ҚР колледждер қауымдастығы президенті, Халықаралық «Шыңғысхан» академиясының академигі Мәнен Омаров қатысты.

Беларусь Республикасы  тарапынан радиокөпірге техника ғылымдарының докторы, доцент, Беларусь мемлекеттік информатика және   радиоэлектроника университетінің  ақпараттандыру және оқу ісі бойынша проректоры Борис Никульшин және Беларусь Республикасы Білім министрлігі Шетелдіктермен байланыс басқармасының кеңесшісі Кирилл Дерябин қатысты.

Бағдарлама барысында екі мемлекеттің білім саласындағы өзекті мәселелері талқыланды. Қос тарап білім беру саласындағы ынтымақтастықты арттырып, студент алмасудың маңызды қадамдарына тоқталды.

 «Астана-Минск» радиокөпірін Астана тарапынан журналист Әлібек Әбділов, Минск тарапынан Дмитрий Рубашный жүргізді.

Хабарламаларға жазылу