Испаниялық инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жобаға қаражат бөлмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниялық инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жобаға қаражат бөлмек

31.08.2014
Испаниялық инвесторлар Солтүстік Қазақстан облысында жаңа жобаға қаражат бөлмек

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов испаниялық «Ampo S.Coop» компаниясының өкілдерімен кездесті. Бұл фирма әртүрлі құбырлар жасау үшін қажет жоғары технологиялық құрылғылар шығарумен айналысады.

Испаниялық компания «Мұнаймаш» акционерлік қоғамының өндірістік базасында бітегіш темір арқау шығаруды жоспарлауда. Шара барысында «Ampo S.Coop» компаниясының президенті Джон Агирре мен «Қазақстан Инжиниринг» Ұлттық компаниясының басқарушы директоры Ерлан Ыдырысов екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Бізге қазір бизнес-жоспар жасау керек. Бұған 6 ай уақыт кетеді. Сонымен қатар, біз мамандарды қайта оқыту үшін оларды Испанияға жіберуге дайынбыз. 2015-ші жылдың қаңтарына дейін өндірісті бастап кетеміз, деген ойдамыз», - деді Джон Агирре.

 

Хабарламаларға жазылу