iPhone 6 смартфоны 9-шы қыркүйекте таныстырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

iPhone 6 смартфоны 9-шы қыркүйекте таныстырылады

30.08.2014
iPhone 6  смартфоны 9-шы қыркүйекте  таныстырылады

 «Apple» компаниясы 9-шы қыркүйек күні үлкен шара өткізетінін ресми түрде мәлімдеді. Аталмыш компания шарада жаңа iPhone 6 смартфонын және iWatch атты «ақылды» сағатының таныстырылымын өткізеді.

Жаңа телефонның таныстырылымы осыдан 30 жыл бұрын Stiv Jobs Macintosh компютерін таныстырған The Flint Center ғимаратында өтеді. Бұл туралы Phonearena.com сайты хабарлап отыр.

«Apple» компаниясы біраз уақыттан бері таныстырылымдарды Сан-Франциско қаласындағы Yerba Buena орталығында өткізіп келген еді.

Хабарламаларға жазылу