Бүгін – ядролық сынақ алаңына айналған Семей полигоны жабылған күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – ядролық сынақ алаңына айналған Семей полигоны жабылған күн

29.08.2014
Бүгін – ядролық сынақ алаңына айналған Семей полигоны жабылған күн

Бүгін – ядролық сынақ алаңына айналған Семей полигоны жабылған күн. 29 тамыз Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл жер-жаһан, адамзат баласы үшін айтулы күн. 1991 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі аса ірі ядролық сынақ полигондарының бірі жабылды.

Елімізде алғашқы ядролық жарылыс 1949 жылы 29 тамызда жасалса, 1953 жылы термоядролық қондырғы сынақтан өтті. Ал 1955 жылы әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы осы қазақ даласында жарылды. Семей аймағында 1949, 1989 жылдар аралығында жалпы саны 468 ядролық жарыс өткізілген. Олардың 125-сі атмосфералық жарылыс болса, 343-і жерасты сынақтар.

1989 жылы Қазақстанда ядролық жарылысқа қарсы Невада-Семей қозғалысы құрылып, оны ақын Олжас Сүлейменов бастады.

1991 жылы 29 тамызда Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Қазақ елі күллі әлемге 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн деп жариялауды ұсынған болатын. БҰҰ бұл ұсынысты қабылдап, 2009 жылдан бері дүниежүзі бұл күнді бірлесе атап өтіп келеді.

Толығырақ «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу