Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу мәселесі қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу мәселесі қаралды

28.08.2014
Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу мәселесі қаралды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.

Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ,  күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді. 

 

akorda.kz

Хабарламаларға жазылу