Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті. Кездесу Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рәсімі аясында өтті.
Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит және отын-энергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркіменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржол желісін ашу жайында әңгіме өрбіді.
akorda.kz