«Таңшолпанда» - суретші Сәрсенбай Әлиев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанда» - суретші Сәрсенбай Әлиев

28.08.2014
«Таңшолпанда» - суретші Сәрсенбай Әлиев

Конституция күні қарсаңында елордадағы Тәуелсіздік сарайында суретші Сәрсенбай Әлиевтің «Туған жер» атты жеке көрмесі өтуде. Осыған орай, қылқалам шебері «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Шабыт деген – бірнәрседен әсер алу. Сурет бір демде салына салмайды. Егер қатты әсер алсаң, тез-ақ салынатын суреттер болады. Сондай-ақ, керісінше бір бастап қойып, бірнеше жылға созылатын да суреттер бар. «Күйді орындау үшін де күй керек», деген бар. Сол сияқты суретшіге де сүрет салу үшін күй керек, әсер керек».

«Біздің ауыл – жазық дала. Күннің шапағы жан-жаққа тез тарайды. Таңертең далаға шығып маңайға қарасаң, жазық дала, атып келе жатқан таң шапағы, бірінің соңынан бірі тізіліп, жайлауға бет бұрған түйелер.  Ботасын қимай, соңына қайта-қайта бұрылып, боздап бара жатқан түйелерді көрудің өзі керемет...

Менің көрмемнің де атауы – «Туған жер».  Туған топырақтың бояуын табу үшін, көбіне ауылға барып, қысқа  этюд саламыз. Оны үйге алып келіп, тұтас картина жазамыз»,-дейді суретші.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу