Көркем гимнастикадан қазақстандық қыздар командасы Нанкин Олимпиадасында қола медаль иеленді. Екінші орынды Болгария, ал алтын медальды Ресей спортшылары алды.
Топтық жаттығу:
- Ресей – 29, 550
- Болгария – 27, 050
- Қазақстан – 25, 050
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының мүшелері – Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева, Дарья Медведева.