Алматыда 3 қыркүйекке дейін Шығыс айналма автомобиль жолының оңтүстік бағытында сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін көлік қозғалысы шектеледі.
Уақытша көлік қозғалысының тоқтауы Төле би көшесіне жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, деп хабарлайды қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған бағытта көлік қозғалысы Балтабай көшесі арқылы ұйымдастырылады.