Тамыздың 30-ы мен 4 қыркүйек аралығында Қазақстан жастар құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.
Ал, 4 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында отандастарымыз «Еуро-2015» іріктеу додасы аясында Франция құрамасымен соңғы рет кездеспек.
Қазір 21 жасқа дейінгі футболшыларымыз 9 ұпаймен «10» топтың үшінші сатысында келеді. Бірінші орында - Франция, ал, екінші орында - Исландия құрамасы.
Теориялық тұрғыда Қазақстан құрамасының Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бұл үшін жігіттер француздарды ірі есеппен жеңулері тиіс.
Жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Саулюс Ширмялис бұл жиынға барлығы 20 ойыншыны шақыртты.
Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер»), Станислав Павлов («Ақтөбе»);
Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ордабасы»), Марат Бутуев («Атырау»), Рафкат Аслан («Тобыл»), Тимур Рудосельский («Қайрат»), Берік Шаихов («Жетісу»), Игорь Пикалкин («Астана»), Евгений Левин («Ақтөбе»);
Жартылай қорғаушылар: Исламбек Қуат («Қайрат»), Абзал Бейсебеков («Астана»), Илья Калинин («Қайсар»), Георгий Жуков («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес»), Абылайхан Тотай («Ертіс»), Роман Муртазаев («Шахтер»);
Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай («Шахтер»), Абат Айымбетов («Ақтөбе»), Әлішер Сүлей («Тобыл»), Виталий Ли («Қайрат»);
Резервтегі футболшылар: Кирилл Пасичник («Оқжетпес»), Мақсат Әмірханов («Тараз»), Темірлан Әділханов («Жетісу»), Рауан Сариев («Жетісу»), Жақып Қожамберді («Тараз»), Қуаныш Бегалин («Ертic»).
Кездесу «Астана-Арена» стадионында кешкі 20 сағат 15 минутта басталады. Кіру тегін.