«ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев ұжымға Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті басшылығын таныстырды. Комитет төрағасы осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрінің орынбасары қызметін атқарған Серік Жұманғарин болып тағайындалды»,-делінген хабарламада.
Министрдің айтуынша, комитет алдында екі негізгі міндет тұр. «Олар - заңнамалық жұмыс және интеграциялық үрдістер аясында бәсекелестікті қорғау».
Ал комитет төрағасының орынбасары - Арыстан Қабыкенов. Ол осыған дейін ҚР Өңірлік даму министрлігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.
Сондай-ақ, комитет төрағасының тағы бір орынбасары бұған дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаментінің директоры болған - Азамат Майтиев.
Комитет төрағасының орынбасары - Әлия Жұмабаева, осыған дейін «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Интеграциялық саясат департаментінің директоры болған.
Комитет төрағасының орынбасары - Рүстем Ахметов, осыған дейін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жауапты хатшысы қызметін атқарған.