Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап заңдастыру акциясы жүргізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап заңдастыру акциясы жүргізіледі

25.08.2014
Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап заңдастыру акциясы жүргізіледі

Қазақстанда 1-қыркүйектен бастап, қаржы мен жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы басталады.

Акциядан ел қазынасына 10 миллиард доллардан астам қаржы түседі, деп күтілуде.

Заңдастыру акциясы көлеңкелі экономиканың көлемін азайту және ел экономикасына қосымша қаржы мен мүліктерді тарту мақсатында жасалып отыр.

Екіншіден, заңдастырылған ақша мен мүлік табыс болып саналмайды, сәйкесінше, оларға табыс салығы салынбайды.

Үшіншіден, ақша мен мүліктерін жария етушілер бірқатар бап бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктерден босатылады. Бұл жерде заңдастыруға қатысты белгілі бір шектеулер мен талаптар «Мүлікті жария етуге байланысты Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға рақымшылық жасау туралы»  Заңда толық қарастырылған.

ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу