Солтүстік Қазақстан облысында қант зауыты салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында қант зауыты салынады

24.08.2014
Солтүстік Қазақстан облысында қант зауыты салынады

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданында қант зауыты салынады.

Бұл туралы ҮИИД бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында СҚО Индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Марат Ысқақов хабарлады.

Жоба құны - 900 миллион теңге. Зауыттың қуаттылығы - 8 мың тонна.  Өндіріс орны пайдалануға 2016 жылы беріледі деп жоспарлануда.

Зауыттың іске қосылуымен ауданда 84 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

 Сондай-ақ, отырыста Петропавлда жүгері өндірісін қолға алу туралы айтылды. Жоба құны 148 миллион теңгені құрамақ.  2015 жылы пайдалануға берілетін кәсіпорынның өнімділігі сағатына 250 келіні құрайды.

«Жобаны іске асыру шығарылатын өнім ассортиментін кеңейтуге, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы М. Ысқақов.

forbes.kz

Хабарламаларға жазылу