Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен веложорық өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен веложорық өтеді

24.08.2014
Бүгін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің қатысуымен веложорық өтеді

Бүгін Астанада қала басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің және «Тур де Франс-2014» жеңімпазы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалидің қатысуымен Конституция күніне және қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына арналған мерекелік веложорық өтеді.

Сонымен қатар, шараға отандық велокоманда мүшелері Якоб Фульсанг, Микеле Скарпони, Максим Иглинскийдің және Дмитрий Груздев, сондай-ақ, Олимпиада чемпионы Александр Винокуров та қатысады.

Веложорық   «Салтанат Сарайынан» басталып, «Астана Арена» стадионына дейін жалғасады. Ұзындығы - 4600 метр.  

Шараға кез келген қала тұрғыны мен қонақтары қатыса алады. Тіркеу жарысқа дейін 1 сағат бұрын жүргізіледі, деп хабарлайды  astana.gov.kz.

Хабарламаларға жазылу