Жезқазған мен Арқалық жаңаша бағытта дамитын болады - Мемлекет басшысы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазған мен Арқалық жаңаша бағытта дамитын болады - Мемлекет басшысы

22.08.2014
Жезқазған мен Арқалық жаңаша бағытта дамитын болады - Мемлекет басшысы

«Жезқазған-Бейнеу» және «Арқалық-Шұбаркөл» теміржолдарының пайдалануға берілуімен Жезқазған мен Арқалық қалалары жедел дамитын болады.

Қалалардың республикалық және халықаралық маңыздағы стратегиялық бағытта орналасуы өңірдің келбетін танымастай өзгертеді».

Бүгін теміржолдардың ашылу салтанатында Мемлекет басшысы   Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

Президент жаңа тармақтар қашықтықты, аграрлық және өнеркәсіптік өнімдерді жеткізу мерзімін қысқартатынын айтты.

«Біз теміржолдармен еліміздің шығысын, орталығын, батысын, солтүстігін және оңтүстігін берік байланыстырдық. Елдің көлік өндірісінің бірлігі және қалыпты теміржол желісі құрылды.

Бұл - бизнес үшін, әсіресе,  өндірістік секторға жаңа тәртіп мүмкіндігі. Біз тасымалдарды оңайлатумен қатар, осы жолдар салынған үлкен аймақтың ресурстық базасын айналысқа тартамыз», -  деді Мемлекет басшысы.

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу