23 тамызда елорда тұрғындары мен қонақтарына арналған мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Орталық алаңда Астана, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері кеңсе тауарларының, мектеп формасының, оқушыларға арналған спорт киімі мен аяқ киімдердің кең ассортиментін ұсынады.
Сонымен қатар, алаңға келушілер назарына Оқушылар сарайы, музыка мектебі, өнер мектебі ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Шара «Мектепке жол» жылсайынғы жетінші республикалық акциясы аясында ұйымдастырылмақ.