Арктикалық кемелерге лазер орнатылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арктикалық кемелерге лазер орнатылады

22.08.2014
Арктикалық кемелерге лазер орнатылады

«Швабе» холдингінің мамандары арктикалық кемелер үшін мұзды кесуге арналған лазерлік зеңбіректер жасап, қазір тәжірибеден өткізуде.

«Біз Арктиканы игеру үшін кемелерге арнайы жасалған лазерлік құрылғылар орнатып жатырмыз. Кемеге лазері бар зеңбірекке ұқсас құрылғы орнатылады. Біз онымен мұзды шыныкескішпен кескендей тілеміз. Кейін кеме бар салмағымен жарып өтеді», - дейді «Швабе» холдингінің бас директоры Сергей Максин.

Қазіргі таңда мұндай зеңбіректер мұзжарғыштарға орнатылып, тәжірибеден өтуде. Егер барлық тәжірибелер сәтті өтсе, лазер құрылғысы бар жеңіл кемелер 2015 жылдан бастап шығарылуы мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу