Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада өтеді

21.08.2014
Астанада мемлекеттік қызметкерлер арасында республикалық спартакиада өтеді

23-24 тамыз күндері Астанада орталық мемлекеттік органдардың республикалық спартакиадасы өтеді.  

Спартакиада үстел теннисі, волейбол, жүзу, шағын футбол және бильярд  бойынша ұйымдастырылмақ.  

Шара мақсаты - мемлекеттік қызметкерлер арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту арқылы  салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарыстар «Сарыарқа» республикалық велотрегі мен «Астана арена» стадионында өтеді.

Шараға 20-дан аса мемлекеттік орган  өкілдері  қатысады, деп  күтілуде.

Спартакиаданың салтанатты ашылуы 23 тамыз күні сағат 10.00-де «Астана Арена» стадионында өтеді.

Хабарламаларға жазылу