Бұл күндері Қытайдың Нанкин қалаласында Жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада өтіп жатқаны баршаңызға белгілі. Осы орайда назарларыңызға Нанкин қаласының ең көрнекті жерлерінен фотолар ұсынбақпыз.
Нанкин (қазақ тіліне аударғанда – Оңтүстік астана деген мағынаны білдіреді) қаласы Қытайдың шығыс аймағында орналасқан. Нанкин қаласының негізі біздің заманымызға дейінгі 495 жылы қаланған. Халық саны 8 миллион 166 мың адам.