Батыс Қазақстан облысында бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 110 567 теңгеге жетті.
Облыстық Статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, ең жоғары еңбекақы өнеркәсіпте - 212,7 мың теңге , ақпарат пен байланыс саласында - 159,6 мың теңге, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында - 149,1 мың теңге, құрылыста - 148,3 мың теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте - 142 мың теңге, көлік және қоймалауда - 120 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде - 119 мың теңге.
Ең төменгі жалақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласында. Мұнда орташа жалақы облыстық көрсеткіштің 48,3 пайызына тең.
Аумақтық жағынан алғанда Бөрлі ауданы алда келеді. Мұнда орташа жалақы - 260,3 мың теңге. Бұл облыстық көрсеткіштен 2,4 есеге артық.
ҚазАқпарат