«Шын жүректен». «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа реалити-шоудың тұсаукесері! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шын жүректен». «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында жаңа реалити-шоудың тұсаукесері!

16.08.2014
«Шын жүректен». «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында  жаңа реалити-шоудың тұсаукесері!

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жаңа маусымда тосын әлеуметтік жоба ұсынбақ.

8 қыркүйек күні сағат 18.04-те реалити-шоу жанрында түсіріліп жатқан «Шын жүректен» бағдарламасының алғашқы саны эфирге шығады.

Жобаның мақсаты – көрермендерге қазіргі заманның батырлары деп айтуға тұратын кейіпкерлердің ерлік әрекеттерін жеткізу.

Басын қатерге тігіп, жалындаған от ортасынан адам өмірін құтқарған өрт сөндіруші, жетімді жылатпай, оған аналық қамқорлығын сыйлаған асыл жан, науқасты ажал аузынан арашалап қалған дәрігер, бір сөзбен айтқанда, жарымжан көңілге қуаныш сыйлап, айналасындағыларға бергені мол жандар туралы шытырман оқиғалар жаңа жобаның арқауына айналады.

Жоба кейіпкерлерін таңдау үшін байқау жарияланып отыр.

Егер де сіз өміріңізде дәл осындай жандарды кездестірсеңіз немесе олардың басынан өткізген оқиғаларының куәгері болсаңыз, Ұлттық арнаға хабарласыңыз!  

Оқиға желісі бойынша арнайы хабар түсірілетін болады.

Жаңа бағдарламаның кейіпкерлері – миллиондаған қазақстандықтың ілтипатына ие болуға тұрарлық марапатқа лайық батыр жандар. 

 

Хабарламаларға жазылу