Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Марко Антонио Рубио болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Марко Антонио Рубио болуы мүмкін

15.08.2014
Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы Марко Антонио Рубио болуы мүмкін

WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкиннің келесі қарсыдасы мексикалық Марко Антонио Рубио болуы мүмкін.

Бұл туралы мексикалық боксшы твиттерінде: «Егер, Мигель Котто менімен жекпе-жек өткізбейтін болса, онда мен 18-ші қазан күні Геннадий Головкимен жұдырықтасам», - деп жазған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин биыл екі рет шаршы алаңға шығып, екеуінде де жеңіске жеткен болатын.  Жыл басында ганалық Осуману Адаманы жеңсе (1-ші ақпан, Монте-Карло, Монако), өткен айда австралиялық Дэниэл Гилді нокаутқа түсірді (27-шілде, Нью-Йорк, АҚШ).

Хабарламаларға жазылу