Ертең ағылшын премьер-лигасы басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең ағылшын премьер-лигасы басталады

15.08.2014
Ертең ағылшын премьер-лигасы басталады

Футбол жанкүйерлері 2014 жылдың 16 тамызы мен 2015 жылдың 14 мамыры аралығында «KAZsport» және «Қазақстан» телеарналарынан Англия премьер-лигасының тікелей көрсетілімін тамашалай алады.

Футболдан шетел чемпионаттарының ішінен ағылшын премьер-лигасы қазақстандық футбол жанкүйерлерінің арасында үлкен қызығушылық тудырады.

Әлемнің ең «бай» футбол лигасына әрқайсысы 38 матчтан өткізетін Англияның 20 клубы қатысады

Ағылшын премьер-лигасы көп жылдар бойы әлем бойынша барлық футбол чемпионатының ішінде көрермендердің басым бөлігіне ие. Оны әлемнің 200 мемлекетінде трансляциялайды.

Турнир аудиториясы 600 миллион адамды құрайды.

Алғашқы матч 16 тамыз күні Астана уақытымен 17.45-те басталады. «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтед» «Суонси Сити» командасын қабылдайды.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу