Режиссер киноға түсетін актерлерді таңдағанда көрермен жадында сақталып қалатын ерекше келбетті кейіпкер іздейді.
Қазақ кино әлемінде әртістік шеберлігімен қоса, ерекше келбетімен есте қалған актерлер жетерлік.
«Таңшолпан» сол әртістердің үздік бестігін ұсынады.
Бесінші орында - көпшілікке «Рэкетир» фильмі арқылы танылған Мұрат Бисембин. Көрермендер оны әлі күнге дейін осы кинодағы Руслан образымен байланыстырады.
Оның негізгі мамандығы – инженер-электрик. Алайда, алып денесінің арқасында кино әлеміне келіп, бірнеше басты рөлді сомдады.
Төртінші орында - Дәулет Әбдіғаппаров. Ол осыған дейін 20-дан астам киноға түскен. Бүгінде Қажымұқан туралы түсіріліп жатқан туындыда басты рөлді сомдауда. Оның түр-келбеті мен дене бітімі «Күш атасын» еске түсіреді.
Ерекше келбетті актерлер тізімін кім бастап тұр? «Таңшолпаннан» тамашалаңыздар.