Музыкалық компаниялар «ВКонтакте» әлеуметтік желісін сотқа беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыкалық компаниялар «ВКонтакте» әлеуметтік желісін сотқа беруде

14.08.2014
Музыкалық компаниялар «ВКонтакте» әлеуметтік желісін сотқа беруде

Дыбыс жазатын «Sony Music», «Universal Music» және «Warner Music» компаниялары ресейлік «ВКонтакте» әлеуметтік желісін сотқа берді.

Олар әлеуметтік желіні музыкалық қарақшылықпен айналысып, авторлық құқықты бұзды деп айыптап отыр. Сол үшін музыкалық компаниялар 1 миллион доллар айыппұл төлеуді талап етіп отыр.

«ВКонтакте» әлеуметтік желісіне байланысты шағымдарды сот 8 қыркүйек күні Санкт-Петербург қаласында қарастыра бастайды. Дыбыс жазатын компаниялар 1 миллион доллар айыппұлдан басқа, авторлық құқықты қорғайтын арнайы технология енгізуді талап етуді.

Айта кетейік, «ВКонтакте» әлеуметтік желісінің Ресейде 88 миллион, ал әлемде 143 миллион пайдаланушысы бар.

 

Хабарламаларға жазылу