Автокөлік күтіміне байланысты аруларға арналған кеңестер (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Автокөлік күтіміне байланысты аруларға арналған кеңестер (ВИДЕО)

13.08.2014
Автокөлік күтіміне байланысты аруларға арналған кеңестер (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта «темір тұлпар» тізгіндеген арулар өте көп. Ал, олар автокөліктің тазалығы мен күтіміне қаншалықты мән береді?

Көлік жуу бекеттеріне келгенде ең алдымен ескерер жайт – сақтық. Себебі, ондағы әкімшілік  сіздің жеке заттарыңызға жауап бермейді. 

Қызмет құны көлік көлеміне байланысты екенін де ескерген жөн. Егер тұрақты түрде бір көлік жуу бекетінде жуатын болсаңыз, жеңілдіктер жасалады.

Түрлі химиялық қоспалармен жуылған көліктің сырылған жерлері болмаса, бірден тазарып шыға келуі тиіс.

Сондай-ақ, көлік сыртына жапсырылған зер моншақтар уақыт өте келе көліктің бояуын зақымдауы мүмкін екенін ескеру керек.

Автокөлік күтіміне байланысты аруларға арналған кеңестер тізбегін «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

Хабарламаларға жазылу