Такаяо Киято сушидің 200-ге жуық түрін ойлап тапқан (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Такаяо Киято сушидің 200-ге жуық түрін ойлап тапқан (ВИДЕО)

12.08.2014
Такаяо Киято сушидің 200-ге жуық түрін ойлап тапқан (ВИДЕО)

Теңіз дәмімен бүкіл әлемді жаулап алған суши тағамы бүгінде үлкен өнер туындысына айналып отыр. Жапониялық әйгілі суретші Такаяо Киято суши әзірлеуде артық ешнәрсе қолданбаған.  Ақ күріш, балдыр, балық және түрлі тұздықтарды пайдаланған.

Такаяо бүгінде суши дизайнының 200-ге  жуық түрін ойлап тапқан. Есесіне оның мейрамханасына келушілердің саны 5 есеге артқан. Суши жасау өнерін үйренемін  дегендер де толастар емес.

«Суши арт өнеріне келуім кездейсоқ емес. Отбасылы болған соң кішкентай ұлымды қуанту керек болды. Ерекше ықыласпен жасалған сушиді жегенін қалаған едім. Кез келген жапон отбасында күріш пен балдыр табылады. Сондықтан, суши арт өнерімен айналысу әркімнің-ақ қолынан келеді.

Мен бұны дәстүрлі емес сурет өнері дер едім. Бір қарағанда оңай көрінуі мүмкін.  Бірақ, бір қонжықтың құлағын салу үшін, қанша тал күріш кететінін есептеп шығаруың керек. Артық немесе кем болса суши қонжыққа емес, құбыжыққа ұқсап кетуі мүмкін. Сондықтан, суши арт өнеріне үстірт қарамаңыз», - дейді  Такаяо Киято

Хабарламаларға жазылу