Астанада 16-23 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 16-23 тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі өтеді

12.08.2014
Астанада 16-23  тамыз аралығында мектеп жәрмеңкесі өтеді

Астанада 16- 23 тамызда мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Бұл туралы strategy2050.kz сайты хабарлады.

«Мектеп жәрмеңкесі 16 және 23 тамыз күндері Астана әкімдігі алдындағы орталық алаңда ұйымдастырылады. Жәрмеңкеде мектеп киімдері, оқу құрал-жабдықтары төмен бағада сатылады. Ата-аналар таңғы сағат оннан кешке дейін жәрмеңкеге келіп, төмен бағада қажетті дүниелерін сатып ала алады», - деді қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Сенғазиев.

Сонымен қатар, қаладағы «Хан шатыр», «Керуен» тәрізді ірі сауда орындарының алдында да контейнерлер орнатылуы көзделуде. Мұндай акция Астанада бірінші рет ұйымдастырып отыр.

Хабарламаларға жазылу