Бүгінгі «Әйел бақыты» ток-шоуының қонағы «МузАРТ» тобының әншісі, продюсер Сәкен Майғазиев және 1 жасар қызы Райана болмақ.
Сәкен Майғазиев Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжін тәмамдаған. Ал, 2007 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған.
Отбасылық жағдайы: Үйленген, 1 ұлы және 1 қызы бар. Жұбайының есімі – Динара, ұлы - Әділет 1998 жылғы, қызы - Райана 2013 жылы дүниеге келген.
Жетістіктері:
1996 жылы Тараз қаласында өткен Шәмші Қалдаяқов атындағы Халықаралық фестивальдің дипломанты.
1997 жылы Республикалық «Жас қанат» байқауының «Алтын домбыра» иегері.
1998 жылы «Алматы – 98» фестивалінің І орын иегері.
2001 жылдан бастап «МузАРТ» тобының мүшесі атанды.
Бүгін, сағат 15:05-те «Әйел бақыты» ток-шоуын көріңіз.