Либерияның денсаулық сақтау министрлігі жұмыс істеуін тоқтатты, деп хабарлайды Халықаралық «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы.
«Шекарасыз дәрігерлер» ұйымының төтенше жағдайларға байланысты басшысы Линдис Хурум: «эпидемия туралы ресми мәліметтер күмәнді әрі министрлік «Эбола» вирусының қауіпін дұрыс бағалаймай отыр», - деді.
Сенбі күні елдің астанасы Монровида наразылық шеруі өткен. Алайда, оларды тәртіп сақшылары таратып жіберді. Енді әсери жасақтар ауру тараған аймақтардан келген босқындарды қала ішіне кіргізбеу үшін астананы айнала қоршап тұр.