Басты Жаңалықтар Еліміздің кей аймақтарында 42 градусқа дейін күн ыстық болады

Еліміздің кей аймақтарында 42 градусқа дейін күн ыстық болады

Еліміздің кей аймақтарында 42 градусқа дейін күн ыстық болады

Демалыс күндері Қазақстанның кейбір аймақтарында 42 градусқа дейін күн ыстық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» сайты хабарлады.

Синоптиктердің хабарлауынша, Каспий теңізінің солтүстігінде тұрған циклон алдағы үш күн ішінде жайлап солтүстік-шығысқа қарай ауысады. Сөйтіп Қазақстанның батыс облыстары аумағында өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы 33-41 градус ыстықтан 25-33 градус жылыға дейін төмендейді.

Республиканың басқа облыстарына жоғары атмосфералық қысым бұрынғысынша ықпал ететін болады, соның әсерінен жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы сақталады, күндізгі температура 27 градустан 37 градусқа дейін жоғарыласа, Қазақстанның оңтүстік және орталық бөліктерінің кей жерлерінде 38-42 градусқа дейін ыстық болады.

Мұндай температура көпжылдық орташа мөлшерден 3-7 градусқа жоғары.

Дүйсенбі, 11 тамыз күні солтүстік облыстарда өткінші жаңбыр жауып, соның әсерінен ыстықтың беті қайтуы мүмкін.

Бөлісу