Астанада Қазақстанның дыбыс режиссерлері бас қосады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Қазақстанның дыбыс режиссерлері бас қосады

09.08.2014
Астанада Қазақстанның дыбыс режиссерлері бас қосады

11-16 тамыз аралығында елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында дыбыс режиссерлер мен жарық қою жөніндегі суретшілер үшін шеберлік дәрісі өтеді, деп хабарлайды astana.kz сайтында Астана қаласының Мәдениет басқармасы.

Тренингті Астана қаласының Мәдениет басқармасы мен АҚШ Елшілігі бірлесе ұйымдастыруда. Іс-шараға концерт залдарындағы дыбыс режиссерлер мен жарық қою жөніндегі суретшілер, мәдениет сарайлары, театр, цирк және түрлі студиялардан келетін шығармашыл тұлғалар қатысады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз саласының нағыз майталмандарынан тәжірибе алуға мүмкіндік беретін бірегей шара.

Өз тәжірибесімен бөлісуге Джули Добо ханым «Company E» техникалық директоры, Пол Эмерсон «Company E» арт директоры сияқты америкалық сарапшылар мен практиктер келеді.

Семинарға астаналық цирк, театр және концерт залдарының қызметкерлері де қатысады.

Хабарламаларға жазылу