Астанада жеделсаты шығаратын зауыт ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жеделсаты шығаратын зауыт ашылды

08.08.2014
Астанада жеделсаты шығаратын  зауыт ашылды

Астанада жеделсаты шығаратын  «Sky Express Elevator KZ» зауыты іске қосылды. Өндіріс орны жылына 1000 жеделсаты шығаратын болады.

Онда  тұрғын үйлерге арналған қарапайым жеделсатылармен қатар, жүк таситын, науқастарға арналған және автокөлік лифтілері, эскалаторлар мен траволаторлар жасалады.

 Жаңа кәсіпорын Астана маңындағы Қосшы ауылында орналасқан. Зауыт ауданы 1300 шаршы метрді құрайды. Онда қазіргі уақытта 50 адам жұмыс істеуде.

Зауыт Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны болғандықтан, 8 жұмысшы Қытайдан шақырылған, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Хабарламаларға жазылу