Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ұжымына жаңа басшыны таныстырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ұжымына жаңа басшыны таныстырды

08.08.2014
Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК ұжымына жаңа басшыны таныстырды

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Өмірзақ Шөкеев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ұжымына жаңа басшыны, бұған дейін ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі қызметін атқарған Нұрлан Қаппаровты таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ұжым алдында сөз сөйлеген Өмірзақ Шөкеев жаңа басшы Нұрлан Қаппаровтың кәсіби тұлғасы туралы және энергетика саласында мол тәжірибесі бар екенін айта келе, оның кезінде Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болғанын атап өтті.

«Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағалығына Нұрлан Жамбылұлы Қаппаровты тағайындауды ұсынды. Оның кандидатурасын компанияның Директорлар кеңесі де мақұлдады. Ол, «Қазатомөнеркәсіптің» жұмысын нәтижелі жалғастырып, компанияның инновациялық өсуіне ықпал етеді деп сенемін», - деді Ө.Шөкеев.

Хабарламаларға жазылу