Қала күні аясында Алматыда 17 мәдени шара өтеді

07.08.2014
Қала күні аясында Алматыда 17 мәдени шара өтеді

Алматыда қала күніне орай 29 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында туристерге арналған «Алматы Сити Тур» бағдарламасы жүзеге асырылады. Бұл туралы Алматы қаласының Мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Маркен Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

«Қазір әлемде оқиғалық туризм ерекше дамуда. Алматы қаласының әкімдігі бұл идеяны қызу қолдап отыр. Басты мақсат - халықаралық форматта кең ауқымды қалалық іс-шараларды өткізу арқылы, Алматыға келетін туристер легін арттыру. Туристер іс-шаралар аясында қаланың тарихымен, көрікті жерлерімен таныса алады» - деді Маркен Ахметов. 

Алматы қаласында соңғы жеті ай ішінде қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен мәдениет саласы қызметкерлерінің, олардың ішінде әсіресе мұражай, кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында 15-ке жуық ірі шаралар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, тренингтер өткізілген. Ондағы мақсат - келушілерге жоғары дәрежеде сапалы қызмет көрсету. 

 

Хабарламаларға жазылу