Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы

07.08.2014
Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамы

Кеше Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Үкіметінің жаңа құрамын жария етіп, 17 министрліктің 12-сі ғана қалатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарт.

Сонымен Үкіметтің жаңа құрамына мыналар кіреді:

Кәрім Мәсімов  Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.

Бақытжан Сағынтаев  ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.

Гүлшара Әбдіқалықова   ҚР Премьер-Министрінің  адами даму мәселелері жөніндегі орынбасары.

Ерболат Досаев  ҚР Ұлттық экономика министрі. 

Тамара Дүйсенова  ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрі. 

Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР Мәдениет және спорт министрі. 

Әсет Исекешев  ҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрі. 

Владимир Школьник  ҚР Энергетика министрі. 

 

Бұрынғы қызметінде қалған министрлер:

Аслан Сәрінжіпов ҚР Білім және ғылым министрі.  

Асылжан Мамытбеков ҚР Ауыл шаруашылығы министрi.  

Берік Имашев  ҚР Әділет министрі. 

Бақыт Сұлтанов ҚР Қаржы министрі. 

Ерлан Ыдырысов  ҚР Сыртқы істер министрі. 

Серік Ахметов  ҚР Қорғаныс министрі. 

Қалмұханбет Қасымов ҚР Iшкi iстер министрi.  

Хабарламаларға жазылу