Ақтөбе облысы: Сенат депутаттығына 6 кандидат ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысы: Сенат депутаттығына 6 кандидат ұсынылды

06.08.2014
Ақтөбе облысы: Сенат депутаттығына 6 кандидат ұсынылды

2014 жылдың 1 қазанында елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтеді. Сайлауға Ақтөбе облысынан 6 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Олардың 5-і – ер адам, 1-і  – әйел. Ең жас кандидат 1974 жылы туған, ал ен үлкені 1950 жылы дүниеге келген. Қызметі бойынша олар дәрігер, экономист, инженер және заңгер.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңнамаға сәйкес барлық үміткердің жоғары білімі бар», - дейді  облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Гүлнар Күнбаева.

Оның айтуынша, кандидаттар Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес тексерістен өтуде.

Айта кетейік, сайлауға кандидаттарды ұсыну 31 тамызға дейін жалғасады.

Хабарламаларға жазылу