Дүниежүзілік банк «Эбола» безгегіне қарсы күреске 200 миллион доллар бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дүниежүзілік банк «Эбола» безгегіне қарсы күреске 200 миллион доллар бөледі

05.08.2014
Дүниежүзілік банк «Эбола» безгегіне қарсы күреске 200 миллион доллар бөледі

Дүниежүзілік банк «Эбола» вирусымен күресіп жатқан Батыс Африканың үш еліне 200 миллион доллар көлемінде қаражат бөледі, деп хабарлайды bbc.co.uk.  

Бөлінген қаржылай көмек Либерияның, Сьерра-Леоне мен Гвинеяның денсаулық сақтау жүйесін дамытып, аурудан кейінгі экономикалық шығындарға жұмсалады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтеріне сәйкес, «Эбола» безгегінен 887 адам қайтыс болған.

Бұл қауіпті әрі жұқпалы вирус Гвинеяда пайда болып, кейін Либерия мен Сьерра-Леонеге тараған. БҰҰ-ның деректері бойынша осы үш елде 31-ші шілде мен 1-ші тамыз аралығының өзінде 61 адам қайтыс болған.

 

 

Хабарламаларға жазылу