Жыл соңына дейін 295 кәсіпорынды жекешелендіру жоспарлануда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл соңына дейін 295 кәсіпорынды жекешелендіру жоспарлануда

04.08.2014
Жыл соңына дейін 295 кәсіпорынды жекешелендіру жоспарлануда

Осы жылдың соңына дейін жекешелендірудің екінші толқыны аясында бәсекелі ортаға 295 кәсіпорын берілмек. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

«Жылдың соңына дейін 295 кәсіпорын жүзеге асырылады. Бұл айқын перспективаға ие тұрақты бизнес. 2013 жылдың қорытындысы бойынша аталған кәсіпорындар жеке капитал 1,5 триллион астам теңгені құрады. Онда ӘКК қосқанда коммуналдық, республикалық кәсіпорындар, сондай-ақ ұлттық холдингтер мен еншілес компаниялар», - деді ол.

Оның айтуынша, аталған тізімнің 94 кәсіпорны мемлекеттік сатып алуларға қолжетімді, соның аясында олардың алған жалпы сомасы 25 миллиард теңгені құрады.

Сонымен қатар, 40 нысан сауда-саттыққа қойылған.  

Хабарламаларға жазылу