Елорданың Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Прорыв» байқауына қатысуға шақырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорданың Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Прорыв» байқауына қатысуға шақырады

04.08.2014
Елорданың Кәсіпкерлер палатасы «Бизнес Прорыв» байқауына қатысуға шақырады

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы бас шаһар кәсіпкерлерін «Бизнес Прорыв» байқауына қатысып, елорданың намысын қорғауға шақырады, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Байқаудың мақсаты - жаңа бизнес идеяларды қолдап, оның дамуына ықпал ету. Аталған додада 18 бен 29 жас аралығындағы кәсіпкерлер бақ сынамақ. 

Жас кәсіпкер өз өтінімін www.bp-kaz.kz сайтында қалдыра алады. Байқаудың екінші кезеңінен өткен үш финалист Алматы қаласында өтетін ақтық мәреге жолдама алады.

Ал, шешуші кезеңнен өткендер бір апта оқу курсынан өтеді. «Бизнес Прорыв» байқауының үш жеңімпазы 5500000 теңге, 2700000 теңге және 1300000 теңге көлемінде қайтарымсыз гранттарға ие болады.

Хабарламаларға жазылу