Күрестен әйелдер құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова «Poland Open» турнирінде қола жүлдегер атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Күрестен әйелдер құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова «Poland Open» турнирінде қола жүлдегер атанды

03.08.2014
Күрестен әйелдер құрамасының өкілі Эльмира Сыздықова «Poland Open» турнирінде қола жүлдегер атанды

Күрестен әйелдер арасындағы Қазақстан Ұлттық құрамасы польшада өтіп жатқан  «Poland Open» ХVІІІ халықаралық турнирінде қола медаль еншіледі.

Бірінші жарыс күнінде 69 келі салмақтағы Эльмира Сыздықова жартылай финалда ресейлік қарсыласы Наталья Воробьевадан жеңіліп, қола жүлдегер атанды. Ал, Алма Сүрімбетова ширек финалда дәл осы орыс қызына жол беріп қойған болатын.

69 келі. Қорытынды нәтижесі:

1. Наталья Воробьева (Ресей)

2. Лаура Скужина (Латвия)

3. Эльмира Сыздыкова (Қазақстан), Светлана Саенко (Молдова)

Эльмира Сыздықованың жарыс жолы:

1/4 финал

Мария Акоста (Венесуэла) – жеңіс

1/2 финал

Наталья Воробьева (Ресей) – жеңіліс

Алма Сүрімбетованың жарыс жолы:

1/4 финал

Наталья Воробьева (Ресей) – жеңіліс

 

Хабарламаларға жазылу