![Астанадағы Қордай көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/3/article_38827.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада 2-4 тамыз аралығында Қордай көшесі мен Қошқарбаев көшесінің қиылысында көлік қозғалысы тоқтатылады.
Бұл туралы қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аталған көшелерді жөндеу жұмыстары «№12 көшеден Абылайхан даңғылына дейінгі учаскеде №14 көшені салу» жобасы аясында жүргізіледі.
Қордай көшесінде нөсерлік және тұрмыстық канализацияларды салу бойынша жол-құрылыс жұмыстары қолға алынбақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы Қордай көшесінде көлік қозғалысы тоқтатылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/88513/)