Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасын қыркүйектен бастап Андрей Назаров жаттықтырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасын қыркүйектен бастап Андрей Назаров жаттықтырады

02.08.2014
Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасын қыркүйектен бастап Андрей Назаров жаттықтырады

Ресейлік маман Андрей Назаров Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалады, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының базалық орны бір жерде болғандықтан бас бапкер лауазымын қатар атқару - қалыптасқан тәжірибе. Ресми тағайындау қыркүйек айының басында атқарушы комитетінің отырысында өтеді», - дейді  Қазақстан Хоккей федерациясының жауапты хатшысы Глеб Каратаев.

Естеріңізге сала кетейік, Андрей Назаров «Барыс» клубына биыл маусым айында бас бапкерлікке тағайындалған болатын. Одан бұрын ол Ресейдің «Трактор», «Витязь»  және «Северсталь» командаларына жетекшілік етті. Оның соңғы жаттықтырған клуб украиналық «Донбас» болды.

 

Хабарламаларға жазылу